Тұтынушылар тарапынан түсетін шағым саны ұлғайды

0
142

Келіп түскен шағымдардың жалпы санынан тұтынушылардың 45%-ының (25 192) өтініштері толық көлемде қанағаттандырылды.


Тұтынушылар тарапынан түсетін шағым саны ұлғайды

ERNUR.KZ. 2020 жылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 21 мың өтініш түссе, 2023 жылы олардың саны 50 мыңға дейін ұлғайды. Ал, ағымдағы жылы 56 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Салалық мемлекеттік органдарда және ЖАО-на да осындай шағымдардың өсуі байқалады, егер 2021 жылы 44,8 мың өтініш қаралса, осы жылдың 9 айында 115 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерге түсіретін шағымдары да ұлғайды. Бұл экономиканың жекелеген салаларында тұтынушылар құқықтарын қорғаудың жүйелі проблемаларын көрсетеді. Бұл туралы ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м. а. Болат Танабергенов ОКҚ алаңындағы брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың үлес салмағы бойынша шағымдарының ең көп саны келесі салаларда байқалады: бөлшек сауда – 21 700 (немесе 39%); электрондық сауда – 13 мыңдай (немесе 23%); тұрмыстық қызметтер – 5 мыңнан астам (немесе 9%).

Ең үлкен өсім қаржы қызметтерін көрсету (182%), білім беру, ұялы байланыс қызметтері (121%), туристік қызметтер (117%) сияқты салаларда орын алды.

«Тұтынушылардың шағымдарының көбеюі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы күрделі жүйелік проблемалар туралы белгі береді. Бұл тұтынушылық құқықтарды қорғаудың тиімді құралын әзірлеу үшін мемлекеттің, бизнестің және қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді. Қазіргі тұтынушылар тауарлар мен қызметтердің сапасына барған сайын талапшыл, бұл заңнаманы жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бизнестің тәсілдерін өзгертуді талап етеді», – деді спикер.

Келіп түскен шағымдардың жалпы санынан тұтынушылардың 45%-ының (25 192) өтініштері толық көлемде қанағаттандырылды. Бұл әрбір екінші тұтынушы әділ өтемақы алғанын білдіреді. Тұтынушылардың 35%-ы немесе 19 мыңнан астамы түсініктемелер мен кеңестер алды. Өтініштердің тек 8 800-і немесе 16%-ы ғана бірлескен жұмыс жүргізу үшін басқа мемлекеттік органдарға жіберілді. Әкімшілік жауапкершілікке 145 бизнес субъектісі 8,6 млн теңге сомасына айыппұл түрінде, 785 бизнес субъектісі ескерту түрінде тартылды.

Іс-шараларды өткізу нәтижесінде 1 720 млн теңге сомаға тұтынушылардың құқықтары қалпына келтірілді, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 163%-ға өсті.