ҰБТ-да ереже бұзған 315 адамның нәтижесі жойылды

0
11 698

219 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.


ҰБТ-да ереже бұзған 315 адамның нәтижесі жойылды

ERNUR.KZ. Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды, деп жазады sputnik.kz.

Талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинады:
орташа балл – 68 балл;
ең жоғары балл – 138 балл;
ерекше білім беру қажеттілігі бар 510 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 315 адамның нәтижесі жойылған. Атап айтқанда:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 219 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылды;
бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.