ҰБТ: 219 бала тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

0
440

ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады.


ҰБТ: 219 бала тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

ERNUR.KZ. Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74% — қазақ тілінде, 26% — орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп жазады inform.kz.

ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол — 68 балл.

Ең жоғары балл — 138.

266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 510 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 315 ереже бұзу фактісі анықталды.

Оның ішінде 219 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды.

Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбасына талдау жүргізіледі.

Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.