ҰБТ кезінде тыйым салынған заттар табылса тестілеу нәтижесі жойылады – Д.Смағұлов

0
1 812

Дидар Смағұлов ҰБТ-дағы өзгерістерге тоқталып өтті.


ҰБТ кезінде тыйым салынған заттар табылса тестілеу нәтижесі жойылады – Д.Смағұлов

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов онлайн баспасөз мәслихаты барысында мектеп түлектеріне арналған ҰБТ-ны өткізу тәртібіне тоқталып өтті, деп жазады Елорда Инфо

Ғимарат аумағын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайды. Бірақ әрбір ата-ана тестілеу процесін онлайн көре алады. Бұл үшін әрбір аудиторияның онлайн көрсетілімі қамтамасыз етіледі. Сілтемелерді ҰБТ алдында біздің сайтта және әлеуметтік желілерде жариялаймыз.

Сөз арасында ол биылғы ҰБТ-дағы өзгерістерге тоқталып өтті.

«Бірінші, бақылаудың күшеюі. Егер ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар, смартфондар, жазба қағаздар, құлақаспаптар және өзгелері табылса, тестіленуші емтиханға жіберілмейді. Әр аудиторияда бейнебақылау орнатылады және барлық жазбаларға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі», – дейді орталық басшысы.

ҰБТ кезінде тыйым салынған заттар табылса тестілеу нәтижесі жойылатынын нықтап тұрып жеткізді.

«ҰБТ өткізу қағидаларының бұзылу жағдайы анықталғанда, яғни көшіру, қағаз жазбалар пайдалану анықталса тестілеу нәтижелері жойылады. Сонымен қатар, білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін. Бұған қоса бейнені тек адамдар ғана емес бейнеталдау жүйесі арқылы да бақыланады. Арнайы алгоритм тестіленушінің күдікті позициясын немесе қолындағы тыйым салынған затты анықтауға көмектеседі», – дейді Дидар Смағұлов.