Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-ші сыныпта оқиды.
Фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстанда өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды. Деректерге сүйенсек, мұнда 5 баласы бар жалғызбасты әке тұрған, деп жазады stan.kz.
Қайғылы оқиға 23 қаңтар күні таңертең Шал ақын ауданы Ступинка ауылында болған. Жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адам қаза тапты. Үйде тағы екі адам болуы мүмкін деген ақпарат бар. Семиполка ауылдық округі әкімінің сөзінше, үйде ер адам мен оның бес баласы тұрған.
"Жұбайы бірнеше жыл бұрын қайтыс болды. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-ші сыныпта оқиды", - деп хабарлады ауылдық округ әкімі.
Қазір қызыл жалын ауыздықталған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. ТЖМ өрт туралы толығырақ ақпарат беруден бас тартып отыр.