Үйленген қазақстандықтардың жартысы ажырасып кеткен

0
114

Былтыр 124 774 неке тіркелген болатын.


Үйленген қазақстандықтардың жартысы ажырасып кеткен

фото: Pixabay / congerdesign

ERNUR.KZ. Қазақстанда ажырасу жағдайлары көбейіп кетті. Бұл туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде алимент төлемейтін борышкерлерге қатысты әкімшілік, тіпті қылмыстық жаза да қолданылады. Мәселен, былтыр 4 642 адам әкімшілік жауапқа, ал 391 борышкердің қылмыстық жазаға тартылды.
"Алайда бұл шараларды қабылдау алимент төлемеу мәселесін толығымен шешпейді деп санаймыз. Балаларын асырауға ниеттің болмауы, алимент төлеуден жалтару – отбасылық-неке қатынастары дағдарысының салдары. Бұған өткен жылы тіркелген 61 080 ажырасу санын құрайтын статистикалық көрсеткіш дәлел. Бұл неке қию санының жартысына жуығын құрады", - деді Сәрсенбаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Айта кетері, былтыр 124 774 неке тіркелген болатын.