Үкімет басшысы коронавирус пен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырды

0
579

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.


Үкімет басшысы коронавирус пен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырды
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты, деп жазады 24.kz.


Барлық өңірлерде ауру деңгейі, ауыр жағдайдағылар мен стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандар саны айтарлықтай төмендеді.

Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 34%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі – 29%. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 8 млн астам адам, екінші компонентімен 7,2 млн жуық адам егілді. Ұжымдық иммунитеттің 60%-ына қол жеткізу міндеті қойылды.


Коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл аймақта» Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары, «сары аймақта» Атырау, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Қызыл аймақта» Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. Қазақстанда тұмауға қарсы егу науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта 1,4 млн қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды. Үкімет басшысы коронавирус пен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырды.