ҰҚК 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды

0
107

Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды.


ҰҚК 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды

Фото: ҰҚК

ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп жазады inform.kz.

Операциялар барысында бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде қылмыстық топ жетекшілері ұсталды.
Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін шекарада 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.