Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.
фото: Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Алаяқтықпен айналысқан колл-орталықтар әрекетінің жолы кесілді, деп жазады sputnik.kz.
23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады.
"Оларға қатысты Корея елінің құқық қорғау органы телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр", - дейді комитетте.
Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды.
Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.


