Бұл іске оның қарамағындағы қызметкердің де қатысы бар болуы мүмкін.
фото: КНБ Казахстана
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде ІІМ Ақтаудағы Батыс аймақтық әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхит Жауғашев ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
Қазіргі таңда комитет Қылмыстық кодекстің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
Айта кетері, бұл іске оның қарамағындағы қызметкердің де қатысы бар болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекс бойынша пара алғаны үшін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал қылмыс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.