ҰҚК шекара қызметінің полковнигі сотталды

0
408

​Әскери сот күдіктінің ісін Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабы бойынша қарастырды. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.


ҰҚК шекара қызметінің полковнигі сотталды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында ҰҚК шекара қызметінің полковнигі алаяқтық әрекеті үшін 3 жылға сотталды, деп жазады sputniknews.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ҰҚК шекара қызметінің Қостанай облыстық департаментінің бөлім басшысы Ардақ Қошаметов азамат К-дан ақша алған. Оның үсітіне ақша қосып беруі тиіс еді. Ол бұл жоспарды өзі емес, танысы арқылы жүзеге асырған. Қошаметов ақшаны бастапқы кезде уақытында қайтарыпты.

"Мұның бәрі қарыз беруші әйелдің сеніміне кіру үшін жасалған. Әйел сене бастаған кезде танысы арқылы тағы 150 мың теңге алған. Бұл соманы уақытында берген жоқ", – деді Қостанай гарнизоны Әскери прокуратурасының аға прокуроры.

Ақшаны қайтарудың орнына алған қарыз сомасын арттыра берген. 2016 жылдың қазан айында жалпы сомасы үш миллион теңгеден асып кетті. Қошаметов бизнеске қаражат керек екенін айтқан. Алайда соманы қайтармады.

Тергеу кезінде Ардақ Қошаметов өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Ол жәбірленуші әйелден емес, танысынан қарызға ақша алғанын айтып отыр. Сөзіне қарағанда, 2017 жылдың қазан айында қарызды толықтай қайтарған. Полковник жәбірленуші әйелді танымайтынын, өмірінде бір-ақ рет көргенін жеткізді. Бұған қарамастан, сотта Қожахметовтың кінәсі толықтай дәлелденді.

Әскери сот күдіктінің ісін Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі ("алаяқтық") бойынша қарастырды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. Полковник шенінен айырылды.

"Қошаметов үкіммен келіспей, апелляцияға берді. Бірақ үкім өзгеріссіз қалды. Үш миллион теңгеге бола басшылық қызмет, тұрақты жалақы, толықтай мемлекеттік қамту мен бостандықтан айырылды", – деді Рауан Тұғыров.