ҰҚК шекарадан жүк вагонымен «Трамадол» препаратын заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті

0
1 121

Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған.


ҰҚК шекарадан жүк вагонымен «Трамадол» препаратын заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті

ERNUR.KZ. 2022 жылғы 7 қыркүйекте шекарашылар Түркістан облысы «Сарыағаш» темір жол өткізу пунктінде құны 1 млн. теңгеден асатын «Трамадол» медициналық препаратының 690 таблеткасын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті, деп жазады Azattyq Ruhy.

Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған.

«Шекарашылардың қырағылығы және арнайы үйретілген «Кайла» атты иттің көмегімен контрабандалық жүк анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомство таратқан хабарламада.