Әуе бортында шамамен 130-дан аса жолаушы болды.
ERNUR.KZ. Украинадағы қазақстандықтар мінген үшінші ұшақ түнде Нұр-Сұлтан әуежайына келіп қонды, деп жазады 24.kz.
Әуе бортында шамамен 130-дан аса жолаушы болды. Әуе кемесі Польшаның Катовице қаласынан, ұшып шыққан. Әуежайда жерлестерімізді, біздің журналистер де күтіп алды. Қақтығыс алаңынан елге аман оралған отандастарымыз, бастан кешкен қиыншылықтарымен бөлісті.
"Өте қорқынышты болды. 24-і күні таңертең Киевте жарылыстар естідім. Соғыс басталғанын жариялады. Қайда барарымызды білмей қалдық, барлық жер, әуежайлар жабық болды. Адамдар жан-жаққа қашып жатты, кептелістер көп, барар жеріміз қалмай, сонда қонып шықтық, түнімен жарылыстар естілді, қатты қорқықтық. Таңертең елге кетуге бел будық. Жолдасым украиналық болғандықтан сонда қалды", - дейді жолаушылардың бірі Дана.
"Мен Киевтің өзінде болдым. Киевтің солтүстігіне диверсанттар тобы келе бастағанда мен дайын болдым. Жарылыстан оянғаным есімде, жеке заттарымды жинап, бірден қозғалдым. Бірдеңе басталғанына жұрт сене алмады. Зымырандар жерге түсуге үлгермей, ауада жарылып жатты", - дейді қазақстандық Артем Шалхаков.