ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Алматыдағы отырыста қандай мәселені талқылады

0
335

Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті.


ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Алматыдағы отырыста қандай мәселені талқылады

ERNUR.KZ. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің пленарлық отырысында ҰҚШҰ күштерінің бірлескен дайындығын жоспарлауға, оларды заманауи қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен жарақтандыруға қатысты бірқатар құжат қабылданды, деп жазады sputnik.kz.

ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шағын құрамда басталып, онда ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп-қатерлер туралы баяндама жасады.
"Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасылды. Бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында әскери-саяси жағдайды және оның даму тенденцияларын бақылау нәтижелері бойынша тұрақты ақпарат алмасуды жалғастыру туралы шешім қабылданды", - деді кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Сондай-ақ ҰҚШҰ-ның әскери құрамдас бөлігін дамыту бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.
"Олар оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу, ұжымдық күштерді жарақтандыру, 2025 жылға арналған бірлескен оқу-жаттығу шаралары, бірлескен штабтың қызметі, сондай-ақ қаржыландыру мәселелеріне қатысты", - деп толықтырды Жақсылықов.
Қорғаныс министрлері кеңесінің келесі отырысы осы жылдың қараша айында Астанада өтеді.