ERNUR.KZ. eGov Mobile қосымшасында үлестік құрылысқа қатысу шартын QR-код арқылы рәсімдеуге болады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбированың айтуынша, мамыр айында "Қазреестр" жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе "eGov Mobile" қосымшасында QR кодын пайдалана отырып, электрондық үлестік қатысу шарттарын жасасуға арналған жаңа функция іске қосылды.
Сондай-ақ, "Қазреестр" жүйесі бүкіл ел бойынша үлестік қатысу келісімдерінің орталықтандырылған есебін жүргізуге және үлескерлердің қауіпсіздігіне оң әсер ететін үлестік нысандар құрылысының барысына мониторинг жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде "Қазреестрде" 800-ден астам үлестік құрылыс нысандары туралы ақпарат бар және 100-ден астам құрылыс ұйымдары тіркелген.
"Азаматтарды үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде үлестік қатысу шарттарын тіркеу функционалдығын пайдалануға шақырамын", - деді Жаннат Дүбирова.


