Ұлттық банк алдағы демалыс күндеріне доллар бағамын бекітті

0
8 171

Қор биржасы өз жұмысын дүйсенбіде, 2022 жылдың 4 сәуірінде жалғастырады.


Ұлттық банк алдағы демалыс күндеріне доллар бағамын бекітті

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ұлттық банкі 2, 3 және 4 сәуірге шетел валютасының ресми бағамын белгіледі. Доллар 472,56 теңге, ал рубль 5,8 теңге болады, деп жазады sputnik.kz.

Мұндай бағам Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша бекітілді.
Жұмадағы сауда-саттық күнінің соңында теңгенің орташа сараланған бағамы 472,81 теңгеге дейін аздап әлсіреді, бұл алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 5,78 теңгеге көп.
Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 478-479 теңгеге сатса, 475 теңгеге сатып алуда.
2022 жылдың наурыз айында 990,5 миллион долларға валюталық интервенция жасалды.