Монеталар Қазақстан монета сарайында жасалған.
ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ монеталарында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар. Бұл монеталар Ұлы Жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді», – деп атап өтті Ұлттық банк.
Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. «80» санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған.
оминалы 1000 теңгелік монеталар алтын жалатылған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм 925 сынамалы күмістен түрлі-түсті баспа технологиясын қолдана отырып жасалған. Дайындау сапасы - proof. Таралымы – 2 мың дана.
Номиналы 200 теңгелік монеталар салмағы 7,5 грамм, диаметрі 26 мм нибрасс/нейзильбер (биколорлы) қорытпаларынан жасалған. Дайындау сапасы – uncirculated. Таралымы – 10 млн дана.
Номиналы 200 теңгелік биколорлы монеталар Қазақстан аумағында кәдімгі монеталармен қатар еркін айналысқа арналған.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында олардың нақты құны бойынша барлық төлем түрлерi бойынша, сондай-ақ банктiк шоттарға аудару үшiн және елдiң барлық банктерiнде аудару, ұсақтау және айырбастау үшiн қабылдануға мiндеттi.
Монеталар Қазақстан монета сарайында жасалған.