Кітап шығаруды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Абай ғылыми зерттеу институты қолға алған.
ERNUR.KZ. Жуырда Абай Құнанбаевтың мақалалары жинақталған 40 томдық кітап жарық көрмек. Оны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Абай ғылыми зерттеу институты қолға алған. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақыпов Алматыда өткен «Адамзаттың Абайы» іс-шарасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұнда жиналған қауым Абай шығармаларын оқып, ұлы ақынға арнаған өлеңдерін көпшілікпен бөлісті.
«Абай бабамызды шетелдерге таныстыру, соның ішінде Біріккен ұлттар ұйымының 6 әлемдік тіліне аударып, Абайдың шығармаларын жариялау. 175 жылдыққа дейін атқарылатын үлкен шаруаның бірі осы. Бұдан бөлек, Абай туралы әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, жыр-мүшәйралар, халықаралық деңгейде ақындар айтысын өткізілу керек», - деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақыпов.
«Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей Абайдың сөздері біздің рухани азығымыз. Жан азығын табу үшін Абайға жүгінуіміз керек. Абайды оқып, өзімізді-өзіміз тәрбиелеуіміз керек», - деді Халықаралық Абай қорының директоры Жұмабек Ашуұлы.