Бұл жаңалық әлемнің түкпір-түкпірінің студенттері мен туристеріне қатысты.
ERNUR.KZ. Болашақта Ұлыбританияға виза алуға өтініш бергелі жүрсеңіз – баға сіз ойлағаннан қымбат болуы мүмкін, себебі ел келесі айдан бастап визаның барлық түрінің бағасын 15% қымбаттатуды жоспарлап отыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл жаңалық әлемнің түкпір-түкпірінің студенттері мен туристеріне қатысты. Оның ішінде Ұлыбританияға кіру және елде болу үшін виза сұралатын қазақстандықтар да бар.
Жаңа заң бойынша, мәселен, алты айдан аспайтын қонақ визасы 15 фунт стерингке қымбаттап, құны 115 фунт стерлинг (шамамен 67 мың теңге) болады. Сонымен қатар, 2, 5 және 10 жылдық қонақ визаларының да бағасы өседі.
Ұлыбританиядан тыс жерде студент визасын алуға өтініш беру де айтарлықтай қымбаттайды. Елде оқитындар 490 фунт стерлинг (288 мың теңге) төлеуі керек.
Бұл – ел ішінде виза алу үшін берілетін өтініш бағасымен бірдей болады.
Өзгерістер рейсін ауыстыру немесе қажет жеріне жету мақсатында басқа көлікке отыру үшін елге кіргізетін транзиттік визаға қатысты емес.
Шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі мемлекеттік сектордағы жалақыны көтеру үшін виза бағасы қымбаттайтынын айтқан болатын.
Жалпы қосымша виза жинағы ел экономикасына 1 млрд еуродан артық табыс әкеледі, деп хабарлады Euronews.
Британ визасы мен көші-қон қызметінің жаңа жинақ тізімін мына сілтемеден көре аласыз.