Ұлынан айырылған өскемендік ана оның өлімі түсірілген видеоны әлеуметтік желілерден өшіруді өтінді

0
2 406

Оны кафеде мас досы өлтірген, бірнеше рет пышақпен ұрған.


Ұлынан айырылған өскемендік ана оның өлімі түсірілген видеоны әлеуметтік желілерден өшіруді өтінді

ERNUR.KZ. Өскеменде ұлынан айырылған ана отандастарынан әлеуметтік желілерден оның өлі түсірілген вридеоларды алып тастауды және бұдан былай жарияламауды өтінеді. Видеоны көрген сайын туыстары жабырқайды. Бақылау камераларынан алынған бейнелер тез тарады. Мұның қалай болғанын қазір полиция тексеріп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Александра Воробьева 8 қаңтарда 30 жастағы ұлы Виталийден айырылды. Оны кафеде мас досы өлтірген, бірнеше рет пышақпен ұрған. Онсыз да орны толмас қайңы ұлын өлтіргені туралы видеоның таралуымен күрделене түскен. Бейне қылмыстың ертесіне-ақ әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде пайда болған. Марқұмның анасы бәрінен видеоны алып тастауды сұрайды.

Ол неге адамдар ермек үшін ұлын өлтірген кезде түсірілген видеоны таратып жатқанын түсінбейді. Виталийдің артында жүкті әйелі мен кішкентай қызы қалған. Туыстары әлеуметтік желілерде адамдарға бейнені алып тастауды сұрап бірнеше рет жүгінді, бірақ нәтижесіз. Виталийді өлтірген кафедегі бейнежазбаларды тек лауазымы бар кейбір адамдар ғана ала алады, оның ішінде полиция да болды.

"Мен тергеушіме қоңырау шалып: "Сіз бұл не екенін білесіз бе? Сіз бәрін бұғаттаймын, яғни ол сайттарда орналастырылмайды деп айттыңыз". Учаскелік инспектор келді, бұл арызды қайтадан алды", - деді өлтірілген В.Чабаненконың анасы Александра Воробьева.

Полиция, кафе әкімшілігі жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ. Бірақ заңгер Алексей Божков отбасы сотқа жүгінуге құқылы екеніне сенімді.

"Кез-келген адамның бейнесін оның келісімінсіз тарату, ал ол қайтыс болған жағдайда туыстарының келісімінсіз тарату-бұл кескінге берілген құқықты бұзу. Әрине, мұндай бейнені тарату үшін азаматтық жауапкершілік қарастырылған", - деді Алексей Божков.

Александр Воробьев сотқа жүгінуге ниетті. Бірақ алдымен ол отандастарынан жағдайды түсінуді, роликті алып тастауды сұрайды.