Есірткі оның көлігі мен үйінен табылды.
Фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Ұлытау облысында полицейлер аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын заңсыз сақтаған және таратпақ болған адамды ұстады, деп жазады Azattyq Rýhy.
32 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Ұстау кезінде және оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында мынандай заттар табылды:
- Кондиционер қорабынан үш түйіншек;
- Үйінен тағы бес түйіншек;
- Бес электронды таразы;
- Қаптама материалдары мен оқшаулағыш таспа.
Бұл табылған заттар есірткіні сату мақсатында сақталғанын дәлелдейді.
Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 700 грамнан асады. Бұл – аса ірі партия ретінде тіркеледі.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі таңдалды.