Ұлытау өңірінде бірнеше мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

0
905

Енді олар осы күнге дейін мемлекеттен алып келген үстемақыны қайтаруға тиіс.


Ұлытау өңірінде бірнеше мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

ERNUR.KZ. Ұлытау өңіріндегі білім беру ұйымдарында тоғыз мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген, деп жазады zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, бұл фактілерді облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері анықтаған.

Бар болғаны 9 айда бұл салада үш қылмыстық, 14 әкімшілік іс тіркелген.

Мғалімдер күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары мектеп басшыларымен және білім басқармасының бөлімдерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылағаны айтылды. Мысалы, 10 АЕК-тен жоғары сыйлық алған мұғалімге 7 миллион теңгеге жуық айыппұл салынады.

Сыйлық берушілерге де жауапқа тартылады.

Маңғыстау облысында 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Енді олар осы күнге дейін мемлекеттен алып келген үстемақыны қайтаруға тиіс.