«URKER-2022»: Жеңімпаз журналистердің есімі белгілі болды

0
597

Марапаттау салтанатын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Media Week форумына қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып ашты.


«URKER-2022»: Жеңімпаз журналистердің есімі белгілі болды

ERNUR.KZ. Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» ұлттық бәйгесінде бағы жанған журналистердің есімі белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Марапаттау салтанатын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Media Week форумына қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып ашты.

Биылғы бәйгеде баспа және интернет-журналистика саласындағы журналистер 6 аталым бойынша бақ сынады.

Жеңімпаздардың тізімі мынадай:

«Жылдың үздік сұхбаты: Ая Өміртай – Halyq-uni.kz.

«Жылдың үздік репортажы»: Анар Қоныс – Aikyn.kz.

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz.

Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz.

Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қазбек Құттымұратұлы - «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті.

Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті.

Халықаралық тақырыптағы үздік материалы: Сауле Исабаева – Qmonitor.kz.

Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

Кеше 13 номинация бойынша іріктелген финалистердің есімі жарияланған болатын.

Ұйымдастырушылар ұсынған дерек бойынша биыл бұл бәйгеге 544 өтінім түскен. Өтінімдердің көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Жылдың үздік аналитика материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша түскен.

Сол өтінімдердің ішінен 52 номинант іріктелген болатын. Қазылар алқасы бүгін солардың ішінен «URKER-2022» сыйлығына лайық деп тапқан журналистердің есімін анықтады. Қазылар алқасының әр аталым бойынша жасақталған құрамын мына жерден көруге болады.