Ұрланған телефонмен 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел анықталды

0
590

Әйел банк қосымшасы арқылы құны 300 мың теңге болатын затқа несие рәсімдеп алған.


Ұрланған телефонмен 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел анықталды

ERNUR.KZ. Көршісінің телефонын ұрлап, 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел ұсталды, деп жазады Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны жүгініп, ас бөлмесінде тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кетіп, ондағы банк қосымшасы арқылы құны 300 мың теңге болатын затқа несие рәсімдеп алғанына шағымданған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өзінің көршісі болып шықты. Оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.