Ұрыс жағдайына жақындатылған – астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

0
595

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ұрыс жағдайына барынша жақындатыла отырып, лаңкестік актілерге қарсы оқу-жаттығу өтеді.


Ұрыс жағдайына жақындатылған – астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы елорданың Терроризмге қарсы шұғыл штабынан мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, оқу-жаттығу 29 сәуір күні сағат 08.00-14.00 аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, Әл-Фараби – Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.

Іс-шара мақсаты шұғыл штабтың күштері мен құралдарының террористік әрекеттерге дереу жауап қайтару бойынша дайындығын тексеру.

«Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған.

Осыған байланысты азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген Терроризмге қарсы шұғыл штаб хабарламасында.