Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді.
фото: baq.kz.
ERNUR.KZ. Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында ауыр жол апаты тіркелді. Көлік үйдің жанында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан үш бала көз жұмды, тағы үш бала әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады baq.kz.
Полицияның мәліметінше, көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық куәландыру оның апат кезінде есі дұрыс, байсалды күйде болғанын көрсетті. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.
Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді. Оның аясында Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көліктік ұшағы Үржар ауданына жөнелтілді. Бортта реаниматолог, нейрохирург және травматологтан құралған мамандандырылған медициналық бригада бар. Олар жарақат алған балаларға жоғары деңгейде көмек көрсетуді жалғастырады.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.