Үшінші сынып оқушысын бірінші тоқсаннан кейін екінші сыныпқа ауыстырған мектепте шу шықты

0
2 798

Даулы мәселені шешу үшін қыздың ата-анасы Білім және ғылым министрлігіне бармақшы


Үшінші сынып оқушысын бірінші тоқсаннан кейін екінші сыныпқа ауыстырған мектепте шу шықты

ERNUR.KZ. Петропавл мектептерінің бірінде түсініксіз жағдай болды - бір оқу жылында параллель 1 және 2-сыныпты үздік бітірген қыз білім беру курсынан қайта өтуге қалдырылған деп жазады tengrinews.

Өткен жылы сәтті меңгеріп, үздік нәтиже көрсетсе де қайтадан сол сыныпта отырып, сол бағдарламаны қайта өтуі тиіс қыз бала ештеңені түсінер емес. 2017 жылы тамызда Машаның (есімі өзгертілген) ата-анасы оны үйдің жанындағы мектепке сұхбатқа апарған. Ол жерде қыз өзінің білім деңгейі екінші сыныптағылармен тең екенін көрсеткен. Мектеп директорының келісімімен ол бірінші ауысыммен бірінші сыныпқа, түстен кейін екінші сыныптың сабақтарына барып жүрген.

Оқу жылының соңында Маша жаңартылған бағдарламамен екі сынып бойынша үздік нәтиже көрсеткен. Бірақ ол құжат жүзінде бір сыныпқа төмен тұрған. 1 және 2-сыныпта үздік оқығаны үшін оған мақтау қағазы берілді. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі қалалық білім бөлімінен баланы ресми түрде екінші сыныпқа көшіруді сұрады. Тапсырманың барлығын өздігімен орындап, дәптеріне ұқыпты жазып, көбейту кестесін жаттап, қос таңбалы сандарды ойша қосып, ала алатын оқушыға бірінші сыныпта отырудың қажеті жоқ. Алайда білім бөліміндегілер ұстаздарды да, ата-ананы да тыңдаған жоқ.

"Мектеп әкімшілігіне қолдау көрсетілмеді, олардың айтуынша, Қазақстанда ондай заң жоқ, бастауыштың оқушылары бірден басқа сыныпқа көше алмайды. Дегенмен үздік оқитын баланы басқа сыныпқа көшіруге тыйым салған да заң жоқ. Сондықтан білім бөлімінің қолдауын күтпестен мектеп директорына өтініш жасап, екінші сыныпқа баруға рұқсат беруді сұрадым. Ол рұқсат беріп, баланың әзірше екінші сыныпқа бара беретінін айтты, ал бұл мәселені мектептің күшімен шешуді ұйғарды", - деді қыздың анасы Инна.

Биыл қыркүйекте қыз бала мектеп директорының ауызша берген рұқсатымен үшінші сыныпқа барды. Бірінші тоқсанның аяқталуына екі апта қалғанда мектеп директоры қыз бен анасын шақырып, баланы қайтадан екінші сыныпқа ауыстыру керек екенін айтқан, оқушы үшінші сыныпта бақылау жұмыстарының барлығын үздік бағаға жазған. "Әңгімелесу кезінде ол маған тура былай деді, отырсын! Мектеп - уақыт өткізетін жер, отырсын да, кетсін, әлде мектепке білім алу үшін келе ме? Ол маған былай деді, ол тағы екінші сыныпта отырсын, мен сендер үшін өз орнымнан айырылғым келмейді", - деді қыздың анасы.

Қызды ақыры екінші сыныпқа ауыстырды.

Оның ата-анасы наразы: "Баламыз екінші сыныпты қайтадан оқығысы келмейді, ол бізден сұрайда, егер мен барлығын жақсы білсем мектепке барудың қажеті не дейді. Бұл сыныптағы балалар ашық және қызымызбен дос. Сыныптастарының ата-аналары қыз неге үшінші сыныпқа бармайды деп ойлайды. Олар тіпті қызды қолдап, арыз жазбақшы, олар бұл жағдайды әділетсіздік деп есептейді. Біз ресми түрде үшінші сыныпқа баруды сұрап отырмыз ғой".

Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Сұрағанова басылым тілшісімен телефон арқылы әңгімелескен кезде бастауыш сынып оқушылары үшін бірден келесі сыныпқа көшірудің қарастырылмағанын айтты. Ол қыздың ата-анасына кеңес беріп, баланы жүктемесі көп лицейге немесе пәндерді тереңдете оқытатын қосымша үйірмелерге беруді ұсынды.

Даулы мәселені шешу үшін қыздың ата-анасы Білім және ғылым министрлігіне бармақшы.