"Үстемақы төленсін!": жедел жәрдем дәрігерлері бас көтерді

0
1 198

Фельшерлер 2-3 жыл бойы медициналық киім берілмей келе жатқанын да жеткізді.


Медицина қызметкерлеріне деп бөлінген үстемақыны толық ала алмай келеміз. Осындай шағыммен бүгін Семейдегі жедел жәрдемнің бір топ маманы шу шығарды. Олардың айтуынша, республикаға ортақ тариф бекітілген. Бірақ, жергілікті басшылық оны төлемей келеді екен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.


Үстемақы толық төленсін! Осындай талаппен жиналған жедел жәрдемнің фельдшерлері мен жүргізушілері бас көтерді. Олар өзге өңірлерге хабарласып төлем құнын сұрапты. Салыстыра келе сәйкестік жоқ екеніне көздері жеткен.
«Ең жоғары доплата 229 мың теңге. Хотя біз 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс жасадық. Мынаны қараңыз, басқа қалаларда олар толық 425 мың теңге алады. Март айынан бастап. + Павлодар қаласына хабарластық. Оларда сондай жағдай 425 мың теңге алады. Ешқандай кешігусіз. Доплата ФОМС-тан түседі. Организациядан емес, ФОМС-тан түседі. Приказ бойынша 425 мың төлену керек 2 категорияға», - дейді жедел жәрдем қызметінің фельдшері Саят Әділбеков.

Фельшерлер 2-3 жыл бойы медициналық киім берілмей келе жатқанын да жеткізді. Мемлекеттік мекемеде істеп жүрген соң тегін берілсін деп талап етуде.


«Форма туралы әңгіме болған кезде бізге айтады коронавирус инфекциясының ақшасын аласыңдар доплата. Сами покупайте дейді. Егер мемлекеттік мекеме болсақ, неге біз өзіміз сатып алуымыз керек? Неге бізге положенный ақшаға сатып алуымыз керек?», - деді жедел жәрдем қызметінің фельдшері Саят Әділбеков.

Жедел жәрдем мамандары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен зейнетақы қорына аударымдар да кешіктіріледі деп уәж айтты.


«Барып ескертіп айтсақ пенсионка түскен жоқ деп, 2-3 күннен кейін аударады. Ал, бірақ негізі Үкіметтік жұмыста істеп жүрген соң, ай сайын пенсионный фондқа түсіп отыру керек негізі. Біз ескетіп айттық, пенсионный фонд түспейді. Біз құжат жинайық десек, осыған тірекеледі», - дейді жедел жәрдем қызметінің фельдшері Дастан Тілеуімбердин.

Шағымданушылармен бас дәрігердің орынбасары сөйлесті. Жанар Батталованың айтуынша министрліктің арнайы қаулысы бар. Ол құжатта кім қанша сағат вирус жұқтырғандарға барып көмек көрсетті сол уақыты есептелінеді делінген екен. Қатып қалған бірыңғай тариф жоқ көрінеді.


«212 500 ай сайын алынуы керек. Ал қаулыны ары қарай оқымайды. Басын оқиды ары қарай оқымайды. Маған келгендерге айтамын мынаны оқыңыз деп. Собрание өткіздік. Қаулыда за фактическое отработанное время в часах деп тұр. Басын оқиды да бітті», - деді бас дәрігердің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жанар Батталова.

Жедел жәрдем басшылығы қазан айында елордаға барып еңбекақыны көбейтіге қатысты өтінім жасаған, тарифті көтеруді сұрапты. Осыдан кейін қаржылық мәселелер шешіліп, қазан мен қарашаның жалақысы төленген. Енді желтоқсан айының да еңбекақысын толық өтейміз деп уәде берді.