Атырауда бір пәтерде ер адам қатты соққыға жығылды.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Атырауда пәтерлердің бірінде ер адамның аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видео желіде жарияланды. Кадрларда екі ер адамның аяусыз ұрып-соғып жатқан сәті көрінеді.
Әлеуметтік желіде бұл оқиғаның алаяқтық схемасына байланысты болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады. Хабарламада шабуылдаушылар ер адамды кәмелетке толмаған қарындасымен бірге пәтерде ұстағанын және одан ақша талап еткенін айтады. Қарсылық көрсеткеннен кейін олар соққыға көшкен.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде, оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті полициядан.


