Ұялы байланыс тарифтерінің бағасын операторлар өздері белгілейді

0
719

Отандық ұялы байланыс операторлары тарифтерден «шексіз интернет» мүмкіндігін алып тастап, қызмет құнын қымбаттатты.


Ұялы байланыс тарифтерінің бағасын операторлар өздері белгілейді

ERNUR.KZ. Ұялы байланыс операторлары тариф бағаларын жеке айқындайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде айтылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Отандық ұялы байланыс операторлары тарифтерден «шексіз интернет» мүмкіндігін алып тастап, қызмет құнын қымбаттатты. Өз кезегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек бұл мәселе тікелей ұялы байланыс операторларына тиесілі екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу жойылды. Сондай-ақ Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабының 1-тармағына және «байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды», - деді вице-министр.