Үздік мемлекеттік қызметшілерге "Аманат" халықтық сыйлығы табысталды.
Үздік мемлекеттік қызметшілерге "Аманат" халықтық сыйлығының төсбелгісі тапсырылды, деп хабарлады ERNUR.KZ.
Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада бастаған қоғам белсенділері еңбегімен ерекшеленген үздік мемлекеттік қызметшілерді анықтап, "Аманат" халықтық сыйлығын тапсыруды ұйғарды. Қазақстанның барлық өңіріндегі мемлекеттік қызметшілердің арасынан жергілікті жердің белсенді қоғам өкілдері өздері таңдап, марапатқа ұсынады.
Осы мақсатта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңында филология ғылымдараның кандидаты Мырзатай Жолдасбекұлы арнайы брифинг өткізді.
Алматы облысындаосы марапатқа лайықты деген екі мемлекеттік қызметшіге "Аманат" халықтық сыйлығының төсбелгісі тапсырылды. Олар - мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам қызмет етіп жүрген Қарасай ауданы әкімдігінің қызметкері Тысиков Василий Васильевич және алты баланың анасы Алматы облысының қазынашылық департаментінің қызметкері Аязбаева Айгүл Бақбергенқызы.