Вайнер Мейіржан Төребаев 18 қыркүйекке дейін қамауда қалды

0
417

10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.


Вайнер Мейіржан Төребаев 18 қыркүйекке дейін қамауда қалды

ERNUR.KZ. Вайнер Мейіржан Төребаевқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім, деп жазады zakon.kz.

17 тамызда күдіктіні іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, деп хабарлады қалалық сот.

10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сәуірдің 11-і күні Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының қатысушысы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.