Вакцинациялау бүкіл әлем бойынша минут сайын 6 адамның өмірін сақтайды

0
120

27 сәуірден 3 мамырға дейін Еуропалық иммундау апталығы «Барлығына иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтеді.


Вакцинациялау бүкіл әлем бойынша минут сайын 6 адамның өмірін сақтайды

ERNUR.KZ. ДДҰ еуропалық аймағы иммундау апталығын аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін вакциналаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізеді. Бұл процесте 2030 жылға дейін иммундау саласындағы еуропалық күн тәртібін іске асыру басты орын алады. Стратегияны, өңірдің барлық 53 мемлекеті қолдады, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДДҰ елдік кеңсесінің вакцинациялауға сұраныс пен келісімді арттыру жөніндегі ДДҰ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Сәуле Қасымова айтып берді.

Ол 2002 жылдан бастап аймақта эндемиялық полиомиелит тіркелмегенін атап өтті. Бұл ретте анағұрлым өршіл міндет — қызылша, қызамық, В гепатиті, жатыр мойны обырын жою, сондай-ақ халықты өмірдің барлық кезеңінде вакциналаумен қамту белгіленді.

«Алайда, қиындықтар жоқ емес. 2024 жылы еуропалық аймақта қызылшаның 127 мыңнан астам жағдайы тіркелді, науқастардың жартысына жуығы ауруханаға жатқызылды. Бұл деректерге сүйеніп, иммундауды қолға алмаған кез келген елде аурудың өршуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн», - деді спикер.

Оның айтуынша, 1974 жылдан бері вакцинациялау 154 млн астам адамның өмірін сақтап қалды — бұл дегеніміз 50 жыл бойы күнде әр минут сайын 6 адамның өмірі сақталды дегенді білдіреді. Бұл ұлттық иммундау бағдарламаларына үздіксіз инвестиция салудың маңызын көрсетеді. Вакцинациялаудың пайдасы тек өмірді сақтаумен шектелмейді. Бұл – адам өмірін қорғау, ауыр дерттердің қаупін азайту, микробтарға қарсы тұруға үлес қосу, емдеу шығындарын азайту, отбасыларды экономикалық қиындықтардан қорғау.