Елімізде су пайдалану лимиттерінің сақталуына және егіс алқаптарының құрылымына ерекше назар аударылуда.
Оның айтуынша, нақты егіс 77,9 мың га алқапқа орналастырылды, оның ішінде: Қызылорда облысында – 69,2 мың га, Түркістан облысында – 3,5 мың га, Алматы облысында – 4,5 мың га, Жетісу облысында – 0,7 мың га. Осылайша, жалпы алғанда бекітілген лимиттер сақталып отыр.
«Бұдан бөлек, Бас прокуратурамен бірлесіп заңсыз су сату мен сатып алудың алдын алу жөніндегі Жол картасы аясында Министрліктің мониторингтік топтары күн сайын су пайдалану лимиттерінің сақталуына тексеру жүргізіп, шартсыз немесе рұқсатсыз су пайдалану фактілерін анықтауда. 2026 жылдың өткен кезеңінде бассейндік су инспекциялары барлығы 454 тексеру жүргізіп, су заңнамасын бұзудың 896 фактісін анықтады, 183 нұсқама берді. 154,8 млн теңге сомасына 444 әкімшілік айыппұл салынды, 56 материал сотқа жолданды», – деді спикер.
Сондай-ақ Министрлік азаматтардың өтініштеріне, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға жедел ден қоюды жалғастыруда. Әрбір сигнал бойынша мамандардың жергілікті жерге шығуы ұйымдастырылып, қажетті шаралар қабылдануда.
Жалпы алғанда, алдын ала қабылданған ұйымдастырушылық шаралардың, трансшекаралық су объектілері бойынша халықаралық өзара іс-қимылдың уақытылы жүргізілуі, су беру режимдерін жедел реттеу және су пайдалануға бақылауды күшейтудің арқасында вегетациялық кезеңнің өтуі Министрліктің тұрақты бақылауында және өңірлердің басым бөлігінде штаттық режимде жүзеге асырылуда.


