Алмаз – CNC станоктарында фрезерлік өңдеу бойынша WorldSkills-2024 жүлдегері және WorldSkills-2023 қалалық чемпионатының жеңімпазы.
ERNUR.KZ. Астана техникалық колледжінің студенті, WorldSkills Қазақстан-2024 республикалық чемпионатының қола жүлдегері Алмаз Рахметов ОКҚ алаңында CNC станоктарында жұмыс істей отырып, бәсекеге қабілетті жалақыға қалай қол жеткізгенін айтып, бұл мамандықтың күрделі тұстарына тоқталды.
Алмаз – CNC станоктарында фрезерлік өңдеу бойынша WorldSkills-2024 жүлдегері және WorldSkills-2023 қалалық чемпионатының жеңімпазы.
«Қазірдің өзінде колледжде нақты өзгерістер байқалады: материалдық-техникалық база жақсарып, жаңа жатақхана салынуда. Мен өз кәсібімді мақтан тұтамын, өйткені ол лайықты табыс табуға жол ашады. Қазір мен шетелде қосымша жұмыс істеймін, тапсырыстар санына байланысты 450 мың теңге шамасында аламын», – деді студент.
Сондай-ақ ол өзінің шетелдік кәсіпорындарға жіберетін жұмыстары жайлы айтты.
«Маған тапсырыс келеді, мысалы, машинаға немесе ұшаққа арналған бөлікті жасау. Тапсырманы талдаймын, суретін саламын, өңдеу процесін бағдарламалаймын және бағдарламаны шетелдік зауытқа жіберемін. Қазірдің өзінде олар бұл бөлшектерді жаппай өндіріп жатыр», – деп бөлісті ол.
Алмаздың айтуынша, колледждегі оқу оған өзі күткенен де көп нәтиже берді. Сондай-ақ ол Президентке техникалық және кәсіптік білімге назар аударғаны үшін алғыс айтты.
«Біздің колледж студенттерге чемпионаттарға мұқият дайындалуға және өздерін сенімді сезінуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды сатып алды. Біз халықаралық деңгейде тең дәрежеде күресе аламыз», – деп атап өтті ол.