​Яна Легкодимованы өлтіргендер сотқа апелляциялық шағым түсірді

0
95

Түскен шағым енді облыстық сотқа жолдануы тиіс.


​Яна Легкодимованы өлтіргендер сотқа апелляциялық шағым түсірді

Коллаж: Kazinform/ azhk.kz

ERNUR.KZ. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовтың адвокаттарынан апелляциялық шағым түсірген, деп жазады inform.kz.

Түскен шағым енді облыстық сотқа жолдануы тиіс. Содан кейін ғана апелляциялық шағым облыстық сотта сот алқасында қаралады.

17-қарашада Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық іске нүкте қойылып, сот шешімімен Қайыржанов пен Катимов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтарында көзделген аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
2024 жылы қазан айының 18-і күні Яна Легкодимова үйінен шығып кетіп, қайта оралмады. 8 айдан кейін оның денесі Жайық өзенінің Талдыкөл ауылының тұсындағы жағасынан табылды. Оның денесін сол аумаққа демалысқа барған отбасы тауып алған еді. Процес кезінде Қайыржанов пен Катимовтың, марқұм мен Қайыржановтың арасындағы хабарламалар оқылды. Тергеу материалына сүйенсек, Қайыржанов Янаны көліктің ішінде қылғындырып өлтірген. Ал Катимов машинаның сыртынан есікті жауып, Янаның шығуына мүмкіндік бермеген. Өлтіргеннен кейін Face ID арқылы Янаның телефонын ашып, хабарламаларды кетіріп, кейін денесін Жайыққа лақтырып жіберген. Іске төрелік еткен судья Зарема Хамидуллинаның сөзінше, айыпталушылар пайдакүнемдік ниетпен өлтірген.
Еске сала кетейік, біз осыған дейін айыпталушылардың сот кезінде айтқан сөздері мен жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Абдил бұл қылмыс кездейсоқ жанжал емес, жүйелі сипаттағы әрекет екенін айтқаны туралы жазған едік.