«Кітап оқитын ұлт» алты айлық марафонына тіркеудің аяқталуына тура бір апта қалды.
ERNUR.KZ. Ауқымды республикалық марафонның басталуына 7 күн қалды. Жоба сайтында қазірдің өзінде 175 мыңнан астам қатысушы тіркеліп үлгерді. Марафонның басталуына орай «Яндекс Книги» сервисінде қажетті шығармалардың жинақталған жеке цифрлық сөре жасақталды.
«Кітап оқитын ұлт» алты айлық марафонына тіркеудің аяқталуына тура бір апта қалды. Бүгінгі таңда бұл бастамаға 175 мыңнан астам қазақстандық қосылды. Жобаның басты мақсаты — қатысушыларға кітапты жүйелі түрде оқудың пайдалы дағдысын қалыптастыруға және әдебиетті күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға көмектесу.
Марафон қатысушыларын мазмұнды оқырмандық жол күтіп тұр: 6 айдың ішінде 15 кітап оқу қажет (орта есеппен әр 10–12 күн сайын бір кітап). Дайындық пен оқу процесі барынша қолайлы болуы үшін ұйымдастырушылар мен жоба серіктестері заманауи цифрлық шешімдерді қарастырған.
Қатысушылар үшін жаңалық — «Яндекс Книги» сервисінде «Кітап оқитын ұлт» арнайы кітап сөресінің пайда болуы. Енді марафон тізіміне енген шығармалардың бір бөлігі бір жерде жинақталған, бұл оқырмандарға қажетті әдебиетті өз бетінше іздеу қажеттілігінен арылтады.
Серіктестік аясында марафон қатысушылары «Яндекс Книги» сервисіне 30 күндік тегін қолдану құқығына ие болады. Сонымен қатар, жобаның бүкіл өткізілу кезеңі бойы сервис марафон бағдарламасындағы негізгі шығармаларды цифрлық және аудиоформатта тегін оқуға және тыңдауға мүмкіндік ашады.
Бүгінгі таңда «Яндекс Книги» каталогында 250 мыңнан астам электронды және аудиокітап, комикстер мен подкасттар бар. Сондай-ақ қазақ тіліндегі жинақ қарқынды дамып келеді — бүгінде пайдаланушыларға 2 500-ден астам электронды және аудиокітап қолжетімді. Мәтін мен аудионы синхрондау, виртуалды баяндаушы және Жасанды интеллект негізіндегі «Алиса» смарт-колонкалары сияқты әртүрлі құрылғыларда тыңдау мүмкіндіктерінің арқасында қатысушылар кез келген уақытта кітап оқи және тыңдай алады: оқуға не жұмысқа барар жолда, серуендеу кезінде немесе үйде.
«Біз марафонға деген үлкен қызығушылықты көріп отырмыз: жоба сайтында қазірдің өзінде 175 мыңнан астам адам тіркелді, тіркеу әлі де жалғасуда. Қазір қатысушылар басталар сәтке дайындалып жатыр — кітаптарды таңдап, өздерінің оқу ырғағын жоспарлап жатыр. «Яндекс Книги» сервисінде арнайы сөренің пайда болуы барлық қажетті әдебиетті бірнеше рет басу арқылы әрбір қатысушыға қолжетімді ету арқылы бұл процесті едәуір жеңілдетеді», — деп атап өтті «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сакошев.
«Біз үшін сапалы әдебиеттің адамдардың қай жерде тұратынына және қандай форматты қалайтынына қарамастан қолжетімді болғаны маңызды. «Яндекс Книги» сервисіндегі «Кітап оқитын ұлт» арнайы сөресі қатысушылар қажетті шығармаларды оңай тауып, кітап оқуды өз өмірлерінің тұрақты әрі жағымды бөлігіне айналдыра алуы үшін жасалған», — деп баса айтты «Yandex Qazaqstan» басшысы Тимур Шалекенов.
Еске сала кетейік, марафонға тіркелу тағы 7 күнге созылады, ал кітап оқудың ресми старты 2026 жылғы 15 қыркүйекте басталады. Жобаның ресми сайтында тіркеліп үлгеріңіз!


