Ыдыс-аяққа ақша салып, пайда таппақ болған қазақстандықтар 1,2 млрд теңгесінен қағылды

0
177

​Ұйымдастырушылардан премиум кластағы 13 автомобиль тәркіленді.


Ыдыс-аяққа ақша салып, пайда таппақ болған қазақстандықтар 1,2 млрд теңгесінен қағылды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының жұмыс істегені анықталды. Олар заңсыз әрекеті арқылы 1,2 млрд теңгеден астам пайда тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Бас прокуратураның үйлестіруімен 8-10 ақпан күндері еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізді.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған. Ал қарымына ай сайын салынған соманың 30%-на дейін пайда табуға уәде берген.

«Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.
Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҚМА хабарламасында.