ERNUR.KZ. 2018 жылы қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар үшін инсулиннің 22 түрі сатып алынды. Бұдан басқа, осындай диагнозы бар балалар үшін мемлекет инсулин помпаларын және оған шығыс материалдарын сатып алып отыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың алғашқы үш айында бүкіл ел бойынша медициналық ұйымдарға жиыны 1,5 млрд. теңгеге препараттар жөнелтілді.
Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қазақстандықтар үшін 500 млн. теңгеге глюкометрлер мен тест-жолақтары жеткізілген.
Қазіргі сәтте қант диабетін емдеуге арналған препараттар бәрінен бұрын Алматыға – 169 млн. теңге сомасына, ШҚО - 168 млн. теңге сомасына, Қарағанды облысына – 156 млн. теңге сомасына және Алматы облысына 137 млн. теңге сомасына келіп түсті.
Қант диабетіне шалдыққан пациенттерді қамтамасыз ету үшін мемлекетпен осындай диагнозы бар қазақстандықтарды емдеу үшін көзделген барлық препараттар сатып алғанын атап өтеміз. Олардың бәрі Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында бар және медициналық мекемелердің өздері мәлімдеген көлемде медициналық ұйымдарға жеткізіліп жатыр. Қазірге дейін наурыз айы үшін медициналық ұйымдарға тегін препараттарды тарату аяқталып қалды.