​Елімізде несиені ең көп алатын өңір анықталды

0
1 611

Қазақстанда несиені ең көп алатын Алматы қаласының тұрғындары болып шықты.


​Елімізде несиені ең көп алатын өңір анықталды

фото aqmeshit-aptalygy.kz

Қазақстанда несиені ең көп алатын Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банк деректерін саралай келе, Ranking.kz тұтынушы қарызының көлемі бойынша қалалар рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы айтқанда, Қазақстанда несие алу көлемі артып келеді. 2018 жылдың наурыз айы соңындағы ахуал бойынша бір жыл ішінде несие мөлшері 16,9%-ға артып, экономикалық белсенді тұрғын басына шаққанда 331,2 мың теңге болған.

Еліміздің несиені ең көп алатын тұрғындары – алматылықтар: экономикалық белсенді адам басына шаққанда тұтынушы қарызының көлемі 1,2 миллион теңге.

Екінші орында Маңғыстау облысы, онда несие мөлшері адам басына шаққанда 522,6 мың теңге болды.

Ал, осы көрсеткіш бойынша үшінші орында Астана екен — 458,6 мың теңге.