Зейнетақы қорына жиналған ақша несие ретінде беріледі

0
2 770

Зейнетақы қорындағы ақшаның көмегімен жекеменшік банктерді құрдымнан шығаруды көздеп отыр


Зейнетақы қорына жиналған ақша несие ретінде беріледі

фото: Sputnik.kz

ERNUR.KZ. 200 миллиард теңге экономиканы қолдау мақсатында кредит ретінде берілмек. Бірақ бұл бағдарламаға тек өз капиталы 60 миллиард теңгеден асатын қаржы ұйымдары ғана қатыса алады, деп жазады. Sputnik.kz

Әзірге мұндай жеке капитал еліміздегі тек 5-ақ банкте бар. Ұлттық банктің осы ұсынысына олар алақанын ысқылап отыр. Қаржы институттары ақшаны нарықтағы жағдайға сай алуына болады. Яғни, ол үшін банктік облигациялар Қазақстан қор биржасында жарияланады. Өзге инвесторлар қатыспаған жағдайда бір ойыншының шығарылған бағалы қағаздың 50 пайызынан артығын алуға мүмкіндігі болмайды.

Қазірдің өзінде зейнетақы қорындағы актив есебінен алынған облигациялар сатылымға шығарылған. Бірақ саясаттанушылар бұл бастаманың ел қаржысының көмегімен банктерді құрдымнан шығарудың кезекті әрекеті екенін алға тартып отыр.

"Жуырда ғана президент Ұлттық қор есебінен банктерге көмек көрсетілмесін деген еді, енді зейнетақы қорындағы ақшаға көз тігіп отыр. Бұл оған дейін де жасалған еді. Қаржының басым бөлігі дефолтқа ұшыраған банктерге берілген. Салық төлеушілер өз ақшасын кредит ретінде алады, ал қаржы ұйымдары пайда табады", — дейді саясаттанушы Досым Сәтбаев.