Зейнетақы қорындағы қаражатты жеткіліктілік шегі көтерілгенге дейін қалай шешіп алуға болады

0
555

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша жеткіліктілік шегі артады. Бұл мерзімге дейін ақшаны шығарып алу үшін қалай өтініш беру керек?


Зейнетақы қорындағы қаражатты жеткіліктілік шегі көтерілгенге дейін қалай шешіп алуға болады

ERNUR.KZ. Отбасы банк бұрынғы шарттарды пайдаланып үлгеру үшін қазақстандықтар еnpf-otbasy.kz платформасында 2022 жылғы 28-29 наурызға дейін өтініш беруі керек екенін хабарлайды. Отбасы банкі өтінімді 2 күн ішінде қарап, оны БЖЗҚ-ға жібереді, деп жазады stan.kz.

"БЖЗҚ 2022 жылғы 31 наурызға дейін қабылдаған өтінімдер бойынша біржолғы зейнетақы төлемдері 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданыста болған шекті мәндер бойынша төленеді", – деп хабарлады банкте.

Отбасы банкінің арнайы шотына БЖЗҚ түскен күннен бастап салымшыда таңдалған мақсатына көз жеткізу үшін және оны растау үшін барлық қажетті құжаттарды салып үлгеуге 20 жұмыс күні беріледі. Мұны enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинетте жасауға болады.

Онда тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған 15 нұсқа және емделуге арналған жеті бағыт ұсынылған. Олардың әрқайсысы бойынша порталда қажетті құжаттар тізбесі жарияланды.

2021 жылғы 16 желтоқсанда қазақстандықтар үшін БЖЗҚ көмегімен Отбасы банкіндегі салымды толықтыру бойынша жаңа нұсқа қолжетімді болды. Зейнетақы жинағы есебінен 62 мың қазақстандық Отбасы банктегі депозиттерін 107 млрд теңгеге толықтырып үлгерген.

2022 жылғы 5 наурыздан бастап, БЖЗҚ салымшысы ойын өзгерткен жағдайда зейнетақы жинағын Отбасылық банктегі депозитті жоймай, зейнетақы қорына қайтаруға мүмкіндік туды. Бұған дейін мұны депозитті жойып барып жасауға болатын еді.