Зейнеткердің атынан ірі көлемде несие рәсімдеген 3 әйел анықталды

0
328

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.


Зейнеткердің атынан ірі көлемде несие рәсімдеген 3 әйел анықталды

ERNUR.KZ. Келесте зейнеткердің атынан ірі көлемде несие рәсімдеген 3 әйел анықталды, деп жазады Zakon.kz.


Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Егде жастағы ер адамның айтуынша, оның атынан белгісіз біреулер несие алып 4 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Зейнеткер болған жайттың мән-жайын анықтап, тексеру үшін тәртіп сақшыларынан көмектесулерін сұрады. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Жәбірленушінің шағымына сәйкес, алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті іс-шараларды жүргізді.

Атқарылған тиянақты жұмыс нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 3 күдікті әйел анықталды. Олар жұмыссыз, жергілікті тұрғындар болып шықты.

Анықталғандай, күдіктілер қарияның үйінде күтушісі болып жұмыс жасап, сеніміне кірген.

Содан телефонындағы банк қосымшасын пайдаланып, ірі көлемде несие рәсімдеген. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.