Зеленскийге ақыл айтқан Анна Башинскаяның орнына жаңа депутат сайланды

0
647

Елена Бакарасова — «Концерн Bakarassov» ЖШС бас директоры.


Зеленскийге ақыл айтқан Анна Башинскаяның орнына жаңа депутат сайланды

ERNUR.KZ. Кеше № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына жаңа адам сайланды, деп жазады inform.kz.

Алматы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 52 015 азамат енгізілді.

Дауыс беруге — 7117 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс — 13 адам қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны — 6.

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихат депутатын сайлауында мынадай нәтиже шықты:

Е. Бакарасова — 4652 дауыс жинады;
А. Молдасановқа — 640 адам дауыс берді;
М.Күкетаеваны — 573 сайлаушы қолдады;
Ж. Сабрайымға -351 дауысы берілді;
Д. Лактюшин — 243 дауыс жинады;
Н.Новосельцева — 291;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетень саны — 203.

«Сайлау қорытындысымен № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып Елена Евгеньевна Бакарасова сайланды», — деп хабарлады Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясынан.

Айта кетейік, Елена Бакарасова — «Концерн Bakarassov» ЖШС бас директоры.

Айта кетейік, депутат Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийдің Deutsche Welle басылымына берген сұхбатындағы Қырымды қайтару туралы мәлімдемесіне «Зеленский мырза, Қырымнан көрі Түркия дұрыс, ол жақтың ауа райы қолайлы» деген мағынада пікір білдірген еді.

Депутаттың бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызып, олар депутаттың мандатын тапсыруын талап етті. Кейінірек депутат осы пікірі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Amanat партиясы Анна Башинскаяның мәселесі тез арада ұйымның тиісті құрылымдарында қаралатынын хабарлады. Сосын депутат мандатын тапсырды.