Мәйітін жақындары тауып алған.
Фото: Freepick
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Қызылсай ауылында 13 жастағы бала кенеттен көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқушының денесін әкесі мен ағасы жазғы сарайдан тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала бензиннің уытты буымен уланған болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптамадан кейін нақты диагноз қойылады.
«2 шілдеде Зеренді ауданында болған кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД.