Жалған құжатпен 20 жыл бойы зейнетақы алып келген алаяқтар анықталды

0
883

71 жастағы ер адам жалпы соммасы 7 миллион 400 мың теңге заңсыз зейнетақы алған.


Жалған құжатпен 20 жыл бойы зейнетақы алып келген алаяқтар анықталды

ERNUR.KZ. 30 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне екі алаяқтық фактісі бойынша материал тіркелді, деп жазады Polisia.kz.

Алдын ала анықталғандай 71 жастағы ер адам 2000 жылы өзінің еңбек өтілі бойынша жалған құжаттар тапсырып, 20 жыл бойы жалпы соммасы 7 миллион 400 мың теңге заңсыз зейнетақы алып келген.

Сондай-ақ, жиырма жыл бойы өзіне қолайлы еңбек өтілін жасаған 75 жастағы әйел де жалпы соммасы 9 миллион 300 мың теңге зейнетақы алған.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде