Жамбыл облысында 12 жастағы қыз өз ағасынан жүкті болып қалған

0
222

Оқушыны екі ағасы 6 жылдан бері зорлап келген.


Жамбыл облысында 12 жастағы қыз өз ағасынан жүкті болып қалған

Фото: Depositphotos

ERNUR.KZ. Жағдайға Жамбыл облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚР Қылмыстық кодексінің "Жас баланы зорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар екі күдікті анықталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жедел түрде бір күдіктіні құрықтап, қамауға алды", – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, оқушы қыздың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін мектеп қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Екінші күдіктіге іздеу жарияланды, оны ұстау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.

Сондай-ақ балалар омбудсмені Динара Зәкиева жағдайдың мән-жайын айтты.

“Полиция басқармасымен бірге 6 жыл бойы екі ағасынан зорлық көрген 13 жастағы қыздың ісімен айналысып жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалып, қыз бен оның анасы қауіпсіз жерге жеткізіліп, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Қыз мектеп психологы жүргізген сауалнамада белгі берген. Бірақ тиісті жұмыс жүргізілмеді. Немқұрайлылық танытқан шенеуніктерді жауапқа тарту үшін прокуратураға хабарластым", – деді Динара Зәкиева.