Жамбыл облысында әкелі-балалы алаяқтар 10 кәсіпорынды алдаған

0
470

Күдіктілердің бұрын да сотты болғаны анықталды.


Жамбыл облысында әкелі-балалы алаяқтар 10 кәсіпорынды алдаған

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында әкелі-балалы алаяқтар 10 кәсіпорынды алдады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеушілері екі адамнан, яғни әкесі мен ұлынан тұратын алаяқтардың тағы бір әрекетінің жолын кесті. Олар аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету түрінде «Ұрпақ» қоғамдық қорының атын жамылып, 10-нан астам түрлі кәсіпорындардың басшыларынан ақша алған. Бұл ретте айлакер туыстар жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдардың көмекшілері екендігін және солардың тапсырмасы бойынша әрекет етіп жүргендіктерін айтады.

Тергеу нәтижесінде олардың бірнеше рет ірі көлемде алаяқтық жасағаны анықталды, ал жиналған қаражатты жеке қажеттіліктеріне пайдаланған. Бұрын күдіктілер осындай қылмыстар үшін сотты болған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті осындай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен барлық азаматтардан өтініш білдіруді сұрайды.