Механикалық тазалау Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек атты төрт елді мекеннің бойымен өтетін каналдың су өткізу қуатын арттыруға мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Бұл жұмыстар биыл шілде айында басталып, 25 желтоқсанда аяқталды. Тазалау жұмыстарына 9 шынжыртабанды экскаватор және 2 тиегіш техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Механикалық тазалау Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек атты төрт елді мекеннің бойымен өтетін каналдың су өткізу қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Түркістан облысының Созақ ауданына су жіберу тиімділігі артады.
Өткен вегетацияаралық кезеңде экологиялық мақсатта Созақ ауданына Шу өзенінен 1,5 млрд текше метр су жіберілген болатын.
Қазіргі уақытта Мойынқұм ауданында Шу өзенінде реттеуші гидротехникалық құрылыс салу және өзен түбін тазалау жобасы әзірленіп жатыр.
«Келесі жылға жасалған болжамдарды ескере отырып, облыстағы су шаруашылығы нысандарының барынша дайындығы мен тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Қазіргі жағдайда суару мақсатында болсын немесе табиғатты қорғау үшін жүргізілетін су жіберулер болсын, суды дәл әрі әділ бөлу бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Сондықтан жүргізіліп жатқан барлық құрылыс-монтаждау және тазалау жұмысын уақытылы аяқтау қажет», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


