Жамбыл облысында комаға түскен қостанайлық сарбаз есін жиды

0
471

Қостанайдан әскерге шақырылған сарбаздың ес-түссіз күйге түскені туралы хабар 2024 жылдың маусым айында шыққан болатын.


Жамбыл облысында комаға түскен қостанайлық сарбаз есін жиды

ERNUR.KZ. Қостанайлық әскерге шақырылған сарбаздың есін жиғаны туралы ақпаратты іздеу жасағының еріктілері жеткізді. Бұл туралы бір күн бұрын әлеуметтік желіде жарияланған болатын, деп жазады inform.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайдан әскерге шақырылған сарбаздың ес-түссіз күйге түскені туралы хабар 2024 жылдың маусым айында шыққан болатын. Сол кезде науқаста оң жақта плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялы-токсикалық шок, мидың гипоксиялық ісінуі, церебральды кома, клиникалық өлімнен кейінгі жағдайы анықталды. Дәрігерлер кеуде қуысының доғалы жарақаттанғанын атап өтті.

Артынша интернет желісінде сарбаздың ата-анасының ҚР Президентіне арнаған видеоүндеуі пайда болды. Өз кезегінде Мемлекет басшысы аталған оқиағаны жан-жақты тексеруді талап етті.

Кейін әскери қызметші кіші сержант Д. Д. Тұрланға қатысты «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қорғаныс министрлігі сарбаздың ауруының себебі мен оның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған күдіктімен байланысы бар-жоғы тергеу барысында анықталатынын атап өтті.